Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ТАЭКВОНДОДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық оқушы Снежана Даниленко ITF таэквондодан Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Жарыс Грекияның Крит аралында Ираклион қаласында өтті. Чемпионатқа 25 мемлекеттен 1 мыңнан астам спортшы қатысты.

Түркістан облысы Шардара қаласынан 13 жасар оқушы Снежана Даниленко 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді.

«Мен таэквондомен 7 жасымнан бері айналысып келемін. Маған бұл спорт түрі қатты ұнайды. Ол алға қойылған мақсатқа жету үшін аса қажет күш, төзімділік, батылдық пен табандылықты дамытады. Мен әрқашан жеңіске ұмтыламын. Ата-анам, мектептегі мұғалімдерім және жаттықтырушым маған үнемі қолдау көрсетеді. Болашақта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, әлем чемпионы атанғым келеді», — деді Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Снежана Даниленко.

Айта кетейік, бұл жас спортшының алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін ол Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда өткен халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Өткен жылы Снежана Азия чемпионатында бірінші орын алды. Оның қоржынында 63 медаль бар. Сондай-ақ жас таэквондошы «Жыл спортшысы» кубогының иегері.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ