Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты.Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы;Тимур Кантаев — 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;Зере Серікова — 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы.Құрмет грамотасымен марапатталғандар: Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы; Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;  Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.   Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.  Оқушыларымызды тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Анықтама үшін:Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады. APLO — оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.  
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ