Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ МОНИТОРИНГІ  (ББЖМ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТУДЕ

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындалуда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінде хабарлады.

Талаптарға сәйкестігін ресми растау рәсімін Нидерландыдан келген RCEC (Examination and Certification for Research Center) халықаралық сертификаттауды зерттеу орталығы жүргізеді. Биыл маусымда RCEC және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы арасындағы кездесу өтті.

Айта кетейік, халықаралық аккредиттеу отандық білім беру жүйесінің сапасын арттыру үшін сенімді деректермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЭЫДҰ зерттеулеріне ұқсас бағалау құралдарын стандарттауға мүмкіндік береді.

ББЖМ-білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің маңызды элементтерінің бірі - оқу саласындағы 4 және 9 сынып оқушыларының білімі мен дағдыларын бағалау болып табылады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ