Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН «BILIM HACKATHON-2022» IT БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ: 107 КОМАНДА 3 МЛН ТЕҢГЕГЕ ТАЛАСАДЫ

Нұр-Сұлтанда колледждер мен университеттер студенттері арасында «BILIM Hackathon-2022» IT сайысы басталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 107 команда қатысып жатыр. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған жарыстың жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаздарға 1,5 млн теңге, екінші орын иегерлеріне 1 млн теңге, үшінші орынға 500 мың теңге беріледі. Жеңімпаз студенттер қаржылай сыйлықпен қоса, Daryn online, BTS Education, EDUS және Mail.kz сияқты танымал қазақстандық IT-компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Байқау Astana IT-University базасында офлайн форматта өтіп жатыр.  Қатысушылар білім саласындағы цифрлық жобаларды құру арқылы сайысқа түседі. 24 сағат ішінде студенттер еркін немесе берілген тақырып бойынша жоба әзірлеуі керек.

«Министрлік білім және ғылым саласында жаңа IT-шешімдерді құруға бастамашылық ету және болашақ ІТ мамандарды ынталандыру мақсатында байқауды өткізіп отыр.  Сайысымызға 107 команданың қатысуы жастардың ІТ жобаларға  қызығушылығының қаншалықты жоғары екенін көрсетеді. Бұл жастар білім беру ұйымдарын таныстырып қана қоймай, сонымен бірге үздіктердің үздігі атағына таласады. Хакатонның дәстүрі бойынша қатысушылар 24 сағат ішінде жобаларын әзірлеп, қазылар алқасына ұсынуы керек. Ең үздік жобалар білім беру саласына енгізіледі.  Барлық қатысушыға сәттілік тілейміз», - деді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

Байқау қорытындысы 27 наурызда шығарылады.  Сондай-ақ дәл осы күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ