
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жаңалықтар

20.05.2025
ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуы және оған байланысты жоспарланған іс-шаралар туралы айтты.Оқу жылын «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағатымен қорытындылау жоспарлануда. 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты шараны әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 23-24 мамырда өткізу ұсынылады.Аттестаттарды тапсыру рәсімі 18-20 маусым аралығында өтеді. 9 және 11 сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр-16 маусымға жоспарланған.Биылғы жылы 11-сыныпты 217 мың түлек аяқтайды, сондай-ақ 9-сынып бітіретін 364 мың оқушы мектепте оқуды жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайды.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ