Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Қазақстанда 20 жаңа мамандық ТжКБ сыныптауышына қосылды

Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерге сәйкес жаңартылып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.Бүгінде 552 кәсіптік стандарт негізінде 14 494 білім беру бағдарламасы әзірленді, олардың 4348-і жұмысшы біліктіліктері бойынша. Сыныптауыш 20 жаңа мамандықпен толықтырылып, сол бағыттар бойынша 243 білім беру бағдарламасы әзірленді. Барлық білім беру бағдарламаларында микробіліктіліктер және Minor қосымша бағдарламалары енгізілуде. Бұл ретте барлық бағдарламаларға кәсіби қызметте жасанды интеллект құралдарын қолдануға бағытталған Minor енгізу қарастырылған. Сондай-ақ, 27 колледждің бағдарламалары халықаралық салалық талаптарға сәйкестігі бойынша бағаланды. 2027 жылдың соңына дейін мұндай бағалаудан 30 колледж өтеді.

KZgovernment/26417

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ