Варна қаласында (Болгария) математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) басталды. Олимпиадаға 22 елден 130-дан астам оқушы қатысуда.
Қазақстан құрамасының намысын 6 оқушы қорғауда:
Мирон Юркевич – Халықаралық Haileybury Almaty мектебінің 12 сынып оқушысы; Даутов Жан – Қостанай қаласы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы; Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы; Сахипов Амир – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы; Аманжолов Амирлан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы; Мұрат Тимур – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы.
Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - ағымдағы жылдың 11-24 шілде айында Бат қаласында (Ұлыбритания) өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.