Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Қарағанды индустриялық университетінің Ректоры Б. Абдрасиловтың қоғам алдындағы есептік кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні Қарағанды индустриалық университетінің Ректоры - Басқарма төрағасы Б. Абдрасиловтың қоғам алдындағы есеп беру кездесуі ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өтті.

Кездесуге мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар, оқытушылар, студенттер сондай – ақ, ата-аналар қатысты. Сонымен қатар, есептік кездесу университеттің «YouTube» арнасы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан тікелей эфирде көрсетілді.

Б.Әбдірасилов өз сөзінде университеттің дамуы, оның сапалы өзгерістері мен жетістіктері туралы айтып берді. Ректор атап өткендей, бүгінде Қарағанды индустриялық     университеті – трансұлттық корпорациялармен, қала мен аймақтың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен байланыс орнатқан, еліміздің тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін кадрлар даярлаудың танымал орталығы. Университет қызметінің барлық түрлері бойынша ағымдағы жағдайды, стратегиялық міндеттер мен даму бағыттары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Оқу жұмысы бойынша талапкерлерді қабылдау мен контингенттің өсуі, түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары көрсеткіштері, заманауи оқыту платформалары мен цифрлық контенттің дамуы, LMS MOODL енгізу атап өтілді. Ғылыми жұмыстар бойынша университет ғалымдарының жарияланымдық белсенділігінің жетістіктері (ҚР бойынша 5 - орын), өнеркәсіптік кәсіпорындардың тапсырысымен орындалған жұмыстар, университеттің аймақтық инновациялық экожүйені құруға қосқан үлесі көрсетілді. КарИУ-дың жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы, сондай-ақ шетелдік студенттерді тарту бойынша жемісті жұмысы атап өтілді. ЖОО-ның жаңа кадрлық саясаты және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері баяндалды.

Ректор оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысының екі есе және одан да көп өсуін атап өтті, 2021 жылы университет корпустары мен жатақханаларында (шатырды жөндеу, жылыту, жарықтандыру және электрмен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру) жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы, студенттік жатақханаларда қолайлы жағдай жасау үшін сатып алынған тұрмыстық техника (ас үй электр плиталары, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, үтіктер, үтіктеу тақталары, теледидарлар) туралы хабарлады. Сондай-ақ университет кампусында оқу мен тұрудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары аясында тәрбие жұмысын жүзеге асыру, дебаттық қозғалысты және волонтерлік қызметті дамыту арқылы университеттің әлеуметтік-жастар саясаты ерекше жарияланды.

Есеп беру кездесуі барысында қалалық мәслихат хатшысы – А. Ломакин университет басшылығының тарапынан атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарына байланысты ректорға өз алғысын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚарИУ ректоры әлеуметтік желілілерден, студенттерден келіп түскен сұрақтарға жауап берді. Ректорға қойылған сұрақтардың басым бөлігі жатақхана мәселесі, оқу процесіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты болды.

«Қатысушылар тарапынан қойылған мәселелер мен ұсыныстарды қысқа мерзімде шешуді қарастыратын боламыз» - деді ҚарИУ Ректоры Б. Абдрасилов.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ