Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП МЕКТЕПТЕР, КОЛЛЕДЖДЕР МЕН БАЛАБАҚШАЛАР ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ҒА ӨСЕДІ

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждер мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы тағы 25%-ға өседі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдердің жалақысы 2020 жылғы қаңтардан бастап жыл сайын 25%-ға артып, 2022 жылғы қаңтарда тағы 25%-ға өскен болатын. Осылайша мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында мұғалімдер жалақысының жыл сайын көтерілуі оң нәтиже беріп отыр. Мұғалім мамандығына мектепті үздік бітірген түлектер келе бастады. Талапкерлердің ҰБТ-дағы орташа балы айтарлықтай өсіп, педагогикалық мамандықтарға түсетін «Алтын белгі» иегерлерінің саны бірнеше есе көбейді. 2023 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өседі. Сонымен қатар мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер белгіленеді. Бұл – біліктілік санаты үшін (лауазымдық жалақының 30%-дан 50%-ға дейін), магистр дәрежесі үшін, сабақтарды ағылшын тілінде жүргізгені, дәптерлерді тексергені, сынып жетекшілігі және тәлімгерлігі үшін қосымша төлемдер», – деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Қаржы және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.

Мұғалімдердің жалақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігіне, жұмыс өтіліне, магистр дәрежесіне және басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептелетінін айта кетейік. Дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан кейін қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін ай сайын қосымша ақы төленетінін де естеріңізге саламыз.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ