Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ (ӨҢІРЛІК) КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Елімізде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі аяқталды. Еске салайық, екінші (іріктеу) кезеңі 20 қазанда өтеді.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептер мен лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 11(12) сынып оқушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 2933 оқушы, оның 1039-ы ауыл мектептерінен келген.

Атап өтейік, олимпиаданың әрбір қатысушысы төрт пән бойынша (математика, физика, химия, биология) тапсырмаларды орындады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ