Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ  «САБАҚТАСТЫҚ. ӘДІЛДІК. ӨРЛЕУ» АТТЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

 

❗ АЙТЫЛДЫ:

«Ел бойынша барлық апатты және үш ауысымды мектептің проблемаларын шешу қажет».

✅  ОРЫНДАЛДЫ:

? Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет соңғы үш жылда жаңадан 592 мектеп ашылып, қолданысқа берілді. Оның ішінде 314 мектеп мемлекеттік бюджет есебінен салынса, 278 мектеп жекеменшік инвесторлар есебінен бой көтерді.

? Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу тапсырмасын іске асыру бойынша жол картасы бекітіліп, іске асырылып жатыр.

? 2022 жылдың соңына дейін бюджет қаржысына жаңадан 117 мектеп және 99 жекеменшік мектеп ашу жоспарланып отыр.

? Президенттің биылғы жолдауы аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында 2023-2025 жылдар аралығында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 800 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ