Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ОТАНДЫҚ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

21.01.2022 жыл

❗ АЙТЫЛДЫ:

«Ірі кәсіпорындарға колледждерге қамқорлық жасап, олардың қамқоршылық кеңестеріне кіруге, жастарды практикаға алуға, зертханалар мен шеберханаларды жабдықтауға қатысуын қамтамасыз ету керек».

 

✅  ОРЫНДАЛДЫ:

? Оқу-ағарту министрлігі жүргізген жұмыстың нәтижесінде 498 кәсіпорынмен 410 колледжге қамқоршылық жасау туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

? Қамқорлық көрсетуші кәсіпорындар қамқоршылық кеңестер мен өндірістік кеңестерге мүше болып, кәсіпорын базасында педагог кадрлардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға, колледждерді зертханалық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге, студенттерді одан әрі жұмыспен қамту үшін кәсіптік-өндірістік практиканы ұйымдастыруға атсалысады.

? Қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың базасында 300 мыңнан астам студент кәсіптік практикадан, 5 мыңнан астам педагог тағылымдамадан өтті.

? Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ