Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» КОНКУРСЫ ЖАЛҒАСУДА

Биыл мамыр айында басталған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтіп жатыр.«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының хабарлауынша, еліміздің барлық өңірлерінен конкурсқа қатысуға 200-ге жуық өтінім берілген. Түркістан, Шымкент және Ақтөбе облыстарының педагогттері үлкен қызығушылық танытуда. Өтініштер көбіне бейне сабақ және шеберлік сабақ түрінде жеке беріледі. Ең танымал бағыт жаратылыстану-ғылыми сауаттылық болды.Естеріңізге сала кетейік, мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы»республикалық конкурсы 2018 жылдан бастап өткізіліп келеді. Конкурстың мақсаты заманауи педагогикалық тәжірибе мен педагогтердің өзара іс-қимылының озық тәжірибелерін дамыту және танымал ету. Биыл конкурсты өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді: бағалау критерийлері, конкурстық жұмыстардың бағыттары мен нысандарындағы тізім жаңартылды, өтінімдерді қабылдау және марапаттау рәсімдері қайта қаралды.Конкурстың бағыттары: ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану бағытындағы сауаттылық, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, денсаулық жөніндегі сауаттылық (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық.Өңірлік және республикалық кезеңдердің барлық қатысушылары қатысқаны туралы сертификаттармен немесе 1, 2, 3 дәрежелі жеңімпаздардың дипломдарымен марапатталады. YouTube-та ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша ынталандыру сертификаты қарастырылған. Конкурстың барлық марапаттау құжаттары біліктілік санатын беруге немесе растау бойынша аттестаттау кезінде ескеріледі. Сайыстың ережесімен танысып, өңірлік кезеңге қатысу үшін өтінімді 10 қазанға дейін https://ppi.orleu-edu.kz сайтында беруге болады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ