Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Орталық Қазақстан академиясының жұмысы тоқтатылды. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тексеру жүргізіп, көптеген заң бұзушылықты анықтады.

«Орталық Қазақстан академиясында сабақтар толық көлемде жүргізілмеді, оқытушылар қойылған талаптарға сәйкес келмеді, атап айтқанда, оқытушылардың білімі мен ғылыми дәрежесі оқытылатын пәндерге сәйкес келмеді, оқу процесі практикалық оқытушылармен, қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілмеді. Сонымен қатар университетте сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі болмаған, соның салдарынан білім бөлімінің қорытындысы бойынша академияның кадрларды даярлаудың алты бағытының студенттері шекті балл жинай алмаған. Одан бөлек, тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті пәндерді қайта тапсыруда бұзушылықтар анықталды. Аралық бақылауды тапсыру кезінде университет прокторинг жүйесін қолданбаған», - деп айтты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының рейтингін талдау Орталық Қазақстан академиясының оқу бағдарламаларының басым бөлігі жаңартылмағанын және еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейтінін көрсетті. Сол себепті мамандықтың көпшілігі студенттер арасында сұранысқа ие болмай, тек 1-ден 5 адамға дейін ғана оқыды.

Апелляциялық құқықты пайдалана отырып, университет сот органдарына жүгінді. Бірінші сатыдағы соттар академияның талаптарын қанағаттандырусыз қалдырып, комитеттің шешімдерін заңды деп таныды.

Айта кетейік, ЖОО қызметінің ережесіне сәйкес студенттер университет лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе қайтарып алынған сәттен бастап оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ға ауысуға құқылы.

«Дипломның жарамсыздығына байланысты қиындықтарды болдырмау үшін студенттер қазірден бастап басқа ЖОО-ға ауыса алады. Оқытудың бірқатар бағыты бойынша кейбір студенттер қысқы сессия кезінде басқа университеттерге ауысты», - деп толықтырды Эльвира Сапарбекова.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ