iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жаңалықтар
23.05.2022
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан саясаттанушыларының Х съезі өтті.
Арнайы секцияларда саясаттану пәнінің оқытушылары мен докторанттарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдадым.
Әріптестер университет бағдарламасы бойынша «саясаттану» бағыты және жалпы әлеуметтік/гуманитарлық бағыт бойынша (Әлеуметтану 2 кредит, Саясаттану 2 кредит) кредиттер санының жеткіліксіздігі, жоғары педагогикалық жүктеме және ғылыми жұмыстарға уақыт тапшылығы туралы, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру қажеттілігі, оның ішінде ғылыми-зерттеу әдістемесі және академиялық жазу жайында сөз қозғады.
Сондай-ақ қатысушылардың кейбірі жекелеген жоғары оқу орындары Мемлекеттік білім стандартын айналып өтіп, саясаттану және әлеуметтану бағыттарын қысқартып немесе онлайн форматқа көшіріп, өрескел бұзушылық жасап жатқанын атап өтті. Министрлік осы айтылған фактілер бойынша тиісті шара қабылдайды.
Сондай-ақ әріптестер ҚР БҒМ-нің арнайы бұйрығы аясында жалақының көтерілгенін оң бағалады.
Былтыр ведомстволық бағынысты университеттердің барлық ректорына 200 мың теңге оқытушыға, 300 мың теңге доцентке, 350 мың теңге профессорға (ұлттық жоғары ЖОО 400 мың теңге) ең төменгі деңгейді белгілей отырып, ЖОО-лардың ПОҚ жалақысын арттыруды міндеттеген болатынбыз. Сонымен бірге дәл осы бұйрықта профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесі бір ставка бойынша 680 сағаттан аспауы тиіс деп белгіленді. Бұрынғыдай 800-900 сағат бөлуге жол берілмейді.
Жалақыны кезең-кезеңімен көбейту пед жүктемені кезең-кезеңмен қысқарту, барлық бизнес-процесті цифрландыру және есептілікті түбегейлі азайту жұмыстары әлі де жалғастырылуы керек.
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid0do8kyehrwCBk939fqvgsjEqmf3U1V7k77LrwzjYoASUBh3qKSZfY4JbCQ3kmP2c6l
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ