Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАРДЫҢ 85%-ДАН АСТАМЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Биыл еліміздегі 1-10 сынып оқушыларының 85% - дан астамы жазғы лагерлерде демалып, сауықтыру шараларын қабылдады. Бұл 2 млн 800 мың бала. Оның ішінде жекелеген санаттағы 500 мың оқушы бар. Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен оқу үздіктері. Елімізде 218 қала сыртындағы, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы, бейінді және шатырлы лагерьлер балаларды қабылдады. Сонымен қатар 1,5 млн-ға жуық оқушы жазғы уақытын тиімді пайдалану үшін, елімізде 11 мыңнан астам арнайы ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардың үйірмелері мен секциялары жұмыс істейді. 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ