Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Оқу-ағарту вице-министрі азаматтарды жеке қабылдады
Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы мәселелермен жүгінді.  Еділ Оспан тұрғындардың барлық өтініштеріне егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер оның жеке бақылауына алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.  Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау өңірлерде де, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да өтеді.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ