Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

✅Петропавлдық ұстаз Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша жасап шығарды. ✅Қазақстандық оқушылар Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында (APhO) бір алтын, екі қола медаль жеңіп алды. ✅Қарағандылық оқушылар АҚШ-та өтетін байқауда инновациялық жел станциясы жобасын ұсынады. ✅Бір миллионнан аса бала «Балалық шақ әлемі қандай ғажап» флешмобына қатысты. ✅Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады. ✅Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы №8 мектеп-лицейінде оқу жылының аяқталу салтанатына қатысты. ✅Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды. ✅Елімізде балаларды қорғау күні 1000-нан астам шара өтті. ✅ Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында республикалық спартакиада басталды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ