Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Үндістанның Пуна қаласында өткен робототехника бойынша халықаралық чемпионатта қазақстандық оқушылар бірден үш марапатқа ие болды. Ел намысын Алматы қаласының №81 мектеп – гимназиясының оқушылары қорғап, Израиль құрамасын жеңді. Халықаралық жарысқа бес елден барлығы 70 команда қатысты.Елімізде ХІ қысқы гимназиада басталды. Оған барлық өңірден 700-ге жуық оқушы қатысып, спорттың 8 түрі бойынша жарысады. Спорттық сайыстар Астана, Щучинск, Павлодар және Өскемен қалаларында өтеді. Кезең бойынша сәуір айының 21-не дейін жалғасады.«Зерде» ХVIІI Республикалық конкурсына еліміздің әр өңірінен 2-7 сынып аралығында оқитын 600-ге жуық оқушы қатысты. Олар 12 секция бойынша зерттеу жұмыстарын қорғап, үздік жас зерттеушілер анықталды.

Толығырақ: https://www.facebook.com/100064891832230/posts/pfbid037ejnG4sNpYG7wDkVLgRSfTg6fjPxC4GNVcM1v1z6uEdBKx8TZ53k8dYCwr5WxvgEl/?mibextid=cr9u03

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ