Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ҰСЫНЫЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ақпараты бойынша, орта білім беру ұйымдарына арналған мектепішілік есепке алуды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, бекітілді. Ол ерекше назар аударуды және білім беру ұйымдарының көмегін қажет ететін балаларды қамтиды. Мектепішілік есепке үлгерімі төмен, сабақтан жиі қалатын, мектеп Жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін бұзатын оқушылар алынады.

Комитет төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша, мектепішілік есеп ерекше педагогикалық назарды, кешенді қолдауды қажет ететін кәмелетке толмағандарды уақтылы анықтауға көмектеседі.

«Бүгінгі таңда барлық мектептер мектепішілік есеп жүргізуді бастады. Мектепішілік есепке алудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру мақсатында біз тиісті әдістемелік ұсынымдар әзірледік. Енді мектепішілік есепте тұрған әрбір балаға қосымша сабақтар ұйымдастырып, баланың шығармашылық, спорттық әлеуетін ашуды, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтитын жан-жақты көмек көрсетілетін болады. Оқушыларды есепке алу туралы шешімді білім беру ұйымының алдын алу кеңесі қабылдайды», - дейді Юлия Овечкина.

Айта кетейік, мектепішілік есепке алу білім беру ұйымында ғана жүзеге асады. Оның басты мақсаты-балаға жеке әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ