Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
?«Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік жүйедегі маңызды тетік. Ол ашықтық, құзыреттілік, этика және тиімділік секілді негіздерден қалыптасады. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жұмысы мемлекеттілікті нығайтуда және азаматтарымыздың әл ауқатын арттыруда маңызды фактор болуы тиіс», — деді Ғани Бейсембаев.
?Шара барысында ерекше көзге түскен мемлекеттік қызметшілер алғыс хаттар алды, ал Техникалық және кәсіптік білім департаменті басқармасының бастығы Алмас Жұмабеков мінсіз қызметі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.