Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің 400-ге жуық оқытушысы «Бағалау болашақ педагогтердің кәсіби қызметін жетілдіру құралы ретінде» вебинарына қатысты. Бұл туралы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті хабарлады. Қатысушылар болашақ педагогтерді бағалау бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Олардың арасында педагогтер, университет оқытушылары, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, НЗМ ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының өкілдері бар. Вебинарда мектеп оқушыларының жетістіктерін критериалды бағалаудың қазіргі жүйесін зерттеу нәтижелері ұсынылды, бағалау құралдарын іс жүзінде қолданудың мысалдары, критериалды бағалау саласындағы біліктілікті арттыру курстарының практикалық мазмұны, сонымен қатар мұғалімдердің шеберлік деңгейін талдау қорытындылары көрсетілді. Сондай-ақ, вебинарда білім алушыларды сырттай бағалау мәселесі де қарастырылды. А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы қазақстандық мектеп оқушыларының PIRLS және PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нәтижелерін, болашақ мұғалімдерді даярлауда осы нәтижелерді пайдалану мүмкіндіктерін таныстырды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ