Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕН TIKTOK КОМПАНИЯСЫ #ҚАЗАҚСТАНМҰҒАЛІМДЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА СМАРТФОНДАР ТАБЫС ЕТТІ

#ҚазақстанМұғалімдері байқауының жеңімпаздары белгілі болды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен TikTok компаниясы биыл 6 қазан мен 1 желтоқсан аралығында TikTok-та өз пәні бойынша танымдық бейнероликтерді жариялау арқылы білім мазмұнын насихаттаған үздік мұғалімдерді анықтады. Мұғалімдер сыйлыққа iPhone 13 Pro Max смартфондарын алды.

#ҚазақстанМұғалімдері мен #УчителяКазахстана хэштегтері арқылы жарияланған бейнероликтер бір жыл ішінде қазақстандық TikTok сегментіндегі ең танымал хэштегтердің біріне айналды, оларды 190 млн-нан астам рет қарады. Педагогтер математика, қазақ тілі, информатика және басқа да пәндер бойынша пайдалы лайфхактардан бастап күнделікті мектеп өмірі тақырыбына дейінгі түрлі роликтерді жариялады.

Байқау қорытындысы бойынша «Ең креативті мұғалім», «Мұғалім - жаңалық» және «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Ең креативті мұғалім» номинациясы сабақтың тақырыбын қысқаша, түсінікті және креативті түрде түсіндіре алған жас математика мұғалімі Хасен Мұхамадиге берілді.

«Мұғалім - жаңалық» атағын математика пәнінің мұғалімі Бекболат Комолов алды, оның аккаунты байқау кезінде ең көп қаралды. Автор роликтерінің негізгі бөлігі мектеп бағдарламасын оқуға арналған.

«Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жансая Мейірбекқызы жеңімпаз атанды, оның байқау барысында түсірген видеосы ең көп қаралды.

Жеңімпаздарды ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен TikTok өкілдері құттықтады. Олар мұғалімдерге бағалы сыйлықтарды, атап айтқанда, iPhone 13 Pro Max смартфондарын, сондай-ақ контент авторы ретінде одан әрі дамып, жаңа табыстарға жетуге көмектесетін таланттарды дамыту бағдарламасына шақыруды табыс етті.

«Сіздер интернет беттерінде қазақ тілінде білім беру контентін жасап, оны насихаттап жүрсіздер. Біз үшін білім саласын танымал ету, оны дамыту маңызды. Елімізде әлеуметтік желіні пайдаланатын мұғалімдер көп, соның арқасында еліміздің түкпір-түкпіріндегі балалар онлайн форматта жаңа білім ала алады. Жетекші TikTok платформасының өкілдері ұстаздарымыздың бастамаларын жоғары бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін байқаулар ұйымдастырып жатқаны қуантады. Бұл - Tiktok платформасында білім беру мазмұнын бірлесіп ілгерілетуге қосымша ынталандыру», - деп айтты ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Жеңімпаздар мұндай байқаулар ұстаздардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін арттыруға жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

«Байқау кезінде оқырмандардың реакциясын бақылап отырдым, платформада көрген жаңа трендтерді қолдандым. Мұның бәрі маған аккаунтымды тез танымал етуге және оқырмандар тартуға көмектесті. Егер сіз жаңа нәрсені бастағыңыз келсе немесе өз шығармашылығыңызды ашқыңыз келсе, онда TikTok-қа тіркеліңіз. Себебі бұл дәл сізге арналған алаң», – деді математика пәнінің мұғалімі Хасен Мұхамади @mobius_math (https://www.tiktok.com/@mobius_math?_t=8XyqBNObT6E&_r=1).

Ол қарапайым мысалдар арқылы күрделі математикалық есептерді қалай шешуге болатынын түсіндіреді. Оның аккаунтында көптеген пайдалы кеңесті табуға болады.

Математика пәнінің мұғалімі Бекболат Комолов та @the_bekbolat01 (https://www.tiktok.com/@the_bekbolat01?_t=8Xyr0X9DYCo&_r=1) оқырмандарына арнап математикалық теңдеулерді шешуге арналған түрлі лайфхактарды түсіреді және мазмұнын қызықты логикалық тапсырмалармен байланыстырады және бұл оған қысқа уақыт ішінде TikTok пайдаланушыларының назарын аударуға көмектесті. Бір айдың ішінде мұғалімнің бейнероликтерін қарағандар саны он есеге артып, 800 мыңнан асты, ал аккаунтқа жазылушылардың саны екі есеге артты.

«Мен өзімді көптен бері контент авторы ретінде сынап көргім келіп жүрді. TikTok-тағы #Қазақстанмұғалімдері байқауы туралы естігенде, бұл маған қажет екенін бірден түсіндім. Қысқа роликтердің форматы күрделі тақырыпты түсіндіруді жеңілдетеді, ал платформа құралдары мазмұнды шынымен есте қалдыруға көмектеседі. Менің видеоларым адамдардың математиканы түсінуге көмектескенін қалаймын, өйткені бұл әр адамның өмірінде пайдалы болатын негізгі пәндердің бірі», - деді математика пәнінің мұғалімі Бекболат Комолов.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жансая Мейірбекқызы @zhan_saya6 (https://www.tiktok.com/@zhan_saya6?_t=8XytVrhTCVH&_r=1) қазақ тілінде күнделікті қолданылатын сөздерді жазудағы типтік қателіктерді талдайды, оның видеосы танымал болып,  550 мыңнан астам рет қаралды.

«Осы жоба аясында мен өзімнің шығармашылық әлеуетімді көрсете алдым, TikTok-тың арқасында жаңа мүмкіндіктер аштым. Платформа мені үнемі жаңа қызықты идеяларды бөлісуге ынталандырады. Мектептегі көптеген мұғалім, сондай-ақ басқа да елдердегі әріптестерім тәжірибемді бөлісуді сұрайды. Басқа әріптестермен бірлесе отырып, оқушыларға да, мұғалімдерге де пәндерді қызықты ете алатынымызға сенімдімін», - дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жансая Мейірбекқызы.

Байқаудың ресми елшілері ретінде TikTok-та мойындалған мұғалімдер, атап айтқанда, миллион жазылушысы бар Қазақстандағы ең танымал автор-мұғалім Ұлан Үсенов @wannabeteacher (https://www.tiktok.com/@wannabeteacher), жас математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani (https://www.tiktok.com/@aks.dani) және Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер тобын біріктірген @jump2mars білім беру жобасы (https://www.tiktok.com/@jump2mars). Олар қатысушыларды шығармашылыққа баулып, байқауға қатысуға шақырды, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе ұйымдастырылған арнайы вебинарда үш жүз мұғаліммен тәжірибелерін бөлісті.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ