Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА «ДОСБОЛLIKE» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

Елімізде «ДосболLIKE» республикалық акциясы басталды. Ол мектептердегі әлеуметтік-эмоциялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

Акцияның мақсаты − ынтымақтастық арқылы оң қарым-қатынастың ең жақсы жолдарын табу және білім беру мекемелерінде достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін оқушылар қауымдастығын біріктіру. «ДосболLIKE» акциясы 2024 жылдың 17 қаңтарынан 17 ақпанына дейін жалғасады.

«ДосболLIKE» жобасы балалардың әлеуметтік-эмоцияналдық дағдыларын дамытып қана қоймай, білім беру ортасында сапалы өзара қарым-қатынас үшін берік негіз қалайды. Біз сыныптарда сындарлы әрекет ету дағдыларын және қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру табысты білім алудың негізгі қадамы болатынына сенімдіміз. «ДосболLIKE» тек жай ғана бастама емес − бұл біздің үздік білім беру тәжірибесіне инвестициямыз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Акцияға барлық орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, педагогтер, еріктілер және әлеуметтік серіктестер қатыса алады.

«Менің ойымша, бұл жоба біз сияқты оқушылар үшін өте пайдалы болады. Қазіргі қоғамда жәбірлеу және әлеуметтік теңсіздік сияқты мәселелер жиі кездеседі. Осы жобаның арқасында оқушылар өз құқықтары туралы біліп, басқаларға көмектесіп, мейірімділік таныта алады», - дейді 9 сынып оқушысы Мәсімхан Естілеуов.

Айта кетейік, акция аясында келесі бағыттар бойынша іс-шаралар өтеді:• Шығармашылық ынтымақтастық• Шағын зияткерлік академиясы• Спорттық достық• Шеберлер қаласы• Жақсы көңіл-күй• Еріктілер және т. б.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ