Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

Білім беру ұйымдарын жүйелі мониторингілеу биылғы жылдың мамыр айынан бастап жүргізілуде. Жаңа оқу жылының қарсаңында барлық мектептердің дайындығы тағы бір кешенді мониторингтен өтті. Мониторингтің мақсаты – мектептердің оқу жылына дайындығының жай-күйін анықтау, оқушылардың қауіпсіз және жайлы ортада білім алуына жағдай тудыру. Оқу нысандарын аралау кезінде Министрлік өкілдері мектептердің қазіргі ахуалына, ресурстарына және білім саласындағы НҚА талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді. Атап өту керек, әкімдіктермен жоспарланған 193 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке аяқталады. Сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде анықталғаны: келісімшартқа сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары 51 мектепте жылдың соңында, ал 17 мектепте келесі жылдың басында аяқталады. Әкімдіктерге оқу жылы басталғанға дейін оқу бағдарламаларын әзірлеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, оқу процесін ұйымдастыру және оқушыларды білім беру ұйымдарына және кері үйлеріне тасымалдауды ұйымдастыру үшін уақытша білім алу орындарын айқындау туралы ұсынымдар берілді.Министрлік білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының барысын күн сайын қадағалап отырғанын айта кету керек. Бұл мониторинг балаларымыздың сапалы білім алуының, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын арттырудың негізгі құралы болып табылады.Осы жылдың тамыз айының соңында министрлік кезекті мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ