Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БЕРГЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕРКІНДІКТІҢ АРҚАСЫНДА ПАВЛОДАР КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ТАБЫС ТАБАДЫ

Қаладағы Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің жүздеген студенті ІТ-нарықты белсенді игеріп, миллион теңгеге дейін табыс тауып жатыр. Бір қызығы, мұның оқуға ешқандай кері әсері тиіп жатқан жоқ. Бұл Оқу-ағарту министрлігі заңнамалық деңгейде бекіткен академиялық еркіндіктің арқасында мүмкін болды.

Колледж түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 73%-дан асады.

Колледжде 10 заманауи зертхана бар, онда студенттер практикалық сабақтардан өтіп, аутстаффинг бойынша шетелдік тапсырыстарды орындайды. Атап айтқанда, өнеркәсіптік жабдықтар мен машиналарға арналған 3d принтерлер мен лазерлік машиналарда әртүрлі өнімдер шығарады, жарнама элементтерін жасау үшін веб-қосымшалар мен визуалды мультимедиялық композицияларды жасайды.

«Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов колледждерге берілген академиялық еркіндіктің артықшылықтары туралы айтқан болатын. Колледжіміз елімізді цифрландыруға өз үлесін қосып жатыр. Академиялық еркіндіктің арқасында біз кадрларды дайындаумен тікелей айналысатын ірі бизнес өкілдерімен белсенді түрде серіктестік орнатып жатырмыз. Біз IT-мамандықтар бойынша оқу мерзімін қысқарттық, сонымен қатар студенттердің ағылшын тілін тереңдетіп оқуын енгіздік. Сонымен қатар студенттер белгілі бір блоктарды тереңдетіп оқуды өз бетінше таңдай алады. Білім беру бағдарламалары ғана емес, колледждің материалдық-техникалық базасы да жаңартылып жатыр. «Жас маман» бағдарламасы аясында өнеркәсіптік 3D-принтері мен 3D-сканері, талшықты-оптикалық металды кесетін, фрезерлік және гравюралық станоктар және т.б. құрал-жабдықтар сатып алынды. Колледждегі жоғарыда аталған өзгерістің барлығын біріктіретін IT-HUB/Jylyjai бөлімшесі аймақтағы барша IT-қауымдастығы үшін тартымдылық орталығына және тиісті іс-шараларды өткізу алаңына айналады. Ертіс өңірінің IT-компаниялары үшін мұнда кеңселер ұсынылады, оның орнына колледж студенттері осы компанияларда тәжірибеден өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Соңғы бір жылда 15 келісімшартқа қол қойдық. Біз 200 колледж студенті өндірістік тәжірибеден өту кезінде жалақы алатын серіктестік деңгейіне жеттік. Бүгінгі күні олар 120 мыңнан миллион теңгеге дейін жалақы алады. Биылдан бастап колледж пилоттық режимде өзін IT-бағытта сынап көргісі келетін оқушыларға арналған оқу-өндірістік комбинатын іске қосты. Қазіргі күні мұнда Павлодар қаласындағы екі мектептің 7-9 сынып оқушылары білім алып жатыр. Осы бағыттардың барлығы IT-мамандықтары бойынша білім алғысы келетіндердің қатарын арттыратынына сенімдіміз», - дейді колледж директоры Серік Жартыбаев.

Бүгінгі таңда колледж ТКR, Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы, BFGroup., «Troya» ЖШС, BTSEducation және т.б. компаниялармен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Бұл студенттерге кәсіпорындарда оқуға және болашақта сол жерде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Tandau» онлайн платформасы арқылы колледж студенттері, сондай-ақ 14 жасқа толған еліміздің барлық тұрғыны біліктілік дағдылары бойынша қажетті жұмыс орындарын таба алады. Оның электронды қызметі IT-колледж базасында әзірленді.

Колледждің жоспарында колледж және айтихаб базасында IT-қоғамдастықты қалыптастыруды жалғастыру, сондай-ақ халықаралық аккредиттеуден өту және оқу орнының базасында IT сала көшбасшылары, яғни алпауыт компаниялардың сертификаттау орталықтарын ашу бар. Сол кезде ғана Павлодар колледжінің дипломдары әлемдегі оқу орындарының дипломдарымен бәсекеге түсіп, ал студенттер Павлодардағы ең тиімді жұмысқа орналасу үшін сертификаттар ала алады.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов колледждерге академиялық еркіндік берудің артықшылықтары туралы айтқан болатын.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ