Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі Қарағанды облысы әкімінің орынбасарымен білім беруді дамыту мәселелерін талқылады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденеймен жұмыс кездесуін өткізді.Тараптар өңірдегі білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен оны дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ білім беру ұйымдарының 2026-2027 оқу жылына дайындығын талқылады. Нысандардың әзірлігіне, жөндеу жұмыстарын аяқтауға, оқулықтармен қамтамасыз етуге, кадрлық жасақтауға және балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға ерекше назар аударылды.Облыс әкімінің орынбасары білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік саясатты іске асыру тетіктерін жетілдіру бойынша Қарағанды облысының ұсыныстарын таныстырды.Ұсыныстар мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, жазғы демалыс пен сауықтыруды ұйымдастыру, отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу мен бюджеттік жоспарлау мәселелерін қамтиды.Кездесу қорытындысы бойынша өңірдің ұсыныстары Оқу-ағарту министрлігінің қарауына қабылданды. Облыстың білім беру жүйесін дамыту және жаңа оқу жылына дайындық бойынша бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары айқындалды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ