Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Баянауыл ауданында Ғани Бейсембаев Павлодар облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Жиында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Ведомство басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыру жұмыстарын үйлесімді жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігі жан-жақты жұмыс жүргізуде. "Біз сіздермен" AMANAT " партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумының аясында кездестік. Бүгін мен өңірге білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру үшін келдім. Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі-балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мұнда біз ІІМ, ТЖМ, Денсаулық сақтау министрлігі, депутаттар және жергілікті атқарушы органдармен үйлесімді жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді министр.Өз кезегінде Павлодар облысы мәслихатының хатшысы Илья Теренченко Оқу-ағарту министрлігіне халық қалаулыларымен ашық әрі өзара тығыз қарым-қатынас орнатқаны үшін алғысын білдірді."Министрлік әкімдіктермен бірлесіп 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарғанын көріп отырмыз. Бұл туралы біз форум барысында айттық. Биыл аймақтағы 33 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 54 мектеп жаңғыртудан өтті. Железин және Баянауыл аудандарында екі ауылдық мектеп ашылды. Бүгінгі кездесу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде биліктің барлық тармақтарының ауызбіршілігі бар екенін тағы да көрсетті. Павлодар облысының мәслихаты оқу-ағарту жүйесін одан әрі қолдауды жалғастырады", - деп атап өтті Илья Теренченко. Айта кетейік, министрдің мәслихат депутаттарымен кездесуі еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады. Бұған дейін Ғани Бейсембаев Алматы облысының халық қалаулыларымен кездескен болатын.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ