Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі Германия елшісімен кездесті
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесу өткізді.    Іскерлік кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.   Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, өндірістік кәсіпорындарда студенттер мен педагогтер үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру, сондай-ақ неміс тілі пәні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.   Сонымен қатар, мектепке дейінгі, орта, инклюзивті білім беру саласында одан әрі ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктері қаралды.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ