Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасын әзірледі. Ұлттық мониторинг – Балалардың әл-ауқатының индексі енгізілді. Мектептердің психологиялық қызметтері қызметінің автоматтандырылған жүйесін іске қосу жоспарлануда.«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының 90%-ы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған, лицензиясы бар күзетшілермен қамтамасыз етілген, дүрбелең түймелері орнатылған. Бұл жұмысты 100 пайызға жеткізу керек», - деді министр Ғани Бейсембаев.Сондай-ақ арнайы мектеп автобустарының паркі жаңартылуда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде 27 мың баланы тасымалдауды қамтамасыз ететін 515 көлік сатып алынды.
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз