Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі Франция Республикасының Елшісімен кездесті

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.

Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, бірлескен бастамаларды іске асыру перспективаларына тоқталды. Сондай-ақ екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті кеңейту, тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысында тараптар білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайту және бірлескен жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ