Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі Франция елшісімен кездесті
ҚР Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.   Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.   Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, өндірістік кәсіпорындарда студенттер мен педагогтар үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру, сондай-ақ француз тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.   Бұдан басқа, мектепке дейінгі, орта білім беру саласында одан әрі өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері қаралды.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ