Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Азаматтарды қабылдау орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңірлердің тұрғындары өз сұрақтарын офлайн және онлайн форматта қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, сұрақтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру мәселеріне қатысты болды.

Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға толыққанды жауап берді. Зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, биылғы жылдың 10 айы ішінде Астананың өзінде 100-ден астам азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді. Жеке қабылдау Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы, 8 ғимараты, Министрліктер үйінің 16-кіреберіс мекенжайында орналасқан Мамандандырылған азаматтарды қабылдау орталығында өтеді.

Бұдан басқа, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауларында, сондай-ақ еліміздің өңірлерінде тұрғындармен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ