Сақ болыңыз! Онлайн ойындар тек ойын-сауық емес, сонымен қатар қауіп төндіретін аймақ.
Әрбір ойыншы бала немесе жасөспірім деген тұжырым қате, арасында қылмыскерлер де болуы мүмкін!
Зиянкестер өздерін бала немесе жасөспірім ретінде көрсете отырып, сенімге кіріп, ақшаны иемденуі мүмкін.
Қылмыскерлер қолданатын тәсіл:
- онлайн ойынның жетілдірілген кейіпкерін сатып алуды немесе оның сапасын жақсартуды ұсынады;
- төлем мәселелерін талқылау үшін мессенджерге (Teledgam, Whatsapp және т.б.) өтуге сұрайды және алаяқтық жолмен ата-аналардың банк карталары деректемелерін иемденіп, ақшаны аударып алады.
Сақтық шаралары:
- жеке ақпаратпен бейтаныс адамдармен әлеуметтік желілерде және онлайн ойындарда бөлісуге болмайды (аты-жөні, мекен-жайы, телефон, парольдер, банк карталарының нөмірлері).
- ойын әкімшілері ешқашан құпия сөзді немесе төлем деректерін сұрамайды.
- ойындар мен құрылғыларда ата-ана бақылауын орнатыңыз.
- банк карталарын қосымшаларда қосулы тұрған онлайн төлем жасауын алып тастаңыз.
ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл Департаменті