Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШОЛПАН КАРИНОВА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебінің магистранттары мен докторанттарына қонақ дәріс өткізді. Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы, Жоғары білім мектебінің қызметкерлері қатысты. Шолпан Каринова мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жаңалықтар, педагогтердің мәртебесін арттыру туралы сөз қозғады.

Кездесу өте жақсы өтті. Докторанттар мен магистранттар вице-министрге білім беру жүйесіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды. Жиынға қатысушылар білім беру жүйесін дамыту бойынша өз ұсыныстарын да айтты.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ