Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

МҰҒАЛІМДЕР ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ TELEGRAM ЧАТЫНА ХАБАРЛАЙ АЛАДЫ

Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Педагогті қорғау» (https://t.me/KOKSO_MP) Telegram чатын іске қосты. Қазірдің өзінде чатқа 2 мыңнан астам адам қосылды.

Бұл чатта мұғалімдер өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Мысалы, міндеттен тыс функцияларға тарту, шамадан тыс есеп беру және т.б. туралы. Телеграмдағы чатқа келген барлық ақпарат тексеріліп, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің мамандары өтініштерге жедел түрде жауап беріп, мұғалімдермен байланысады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды көздейтін «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданған болатын. Мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден босатылды. Қазіргі күні педагогтер күніне тек екі құжат қана, яғни сынып журналын мен қысқа мерзімді (сабақ) жоспарын толтыруы керек. Құжаттардың нақты тізімі бар және оны барлығы сақтауы қажет. Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден басқа құжаттарды толтыруды талап етуге құқығы жоқ. Егер мұғалімдердің құқықтарын бұзу анықталса, онда комитет тиісті шараларды қабылдайды. Сонымен қатар өңірлерде аумақтық департаменттер жанынан педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейтінін еске саламыз», - деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ