Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ХХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫНДА БӘСКЕ 344 МЕДАЛЬ ТІГІЛДІ

Алматыда математика, физика және информатика бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті. Оған әлемнің 16 елінен 700-ден астам оқушы қатысты.

Мерейтойлық олимпиадаға қатысушыларды ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құттықтады.

«Бүгін бүкіл отандық білім үшін айтулы оқиға. 20 жылдан бері көрнекті ғалым-математик, академик Орымбек Жәутіковтың арқасында жыл сайын күллі әлем таныған дарынды математиктердің тұтас буыны қалыптасып келеді. Халықаралық Жәутіков олимпиадасы жүздеген талантты оқушыларды жинап, білім бәсекесінің алаңына айналды, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін әлемге танытуға жол ашты. Қатысушылардың әрқайсысы математика және физика сияқты іргелі ғылымдар бойынша лайықты нәтижелер көрсетті және бүгін әлемдік аренада өз елінің туын мақтанышпен көтерді», - деп атап өтті министр өз сөзінде.

Үш пән бойынша барлығы 344 қатысушы ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері атанды:

* Бас жүлде Санкт-Петербург қаласынан № 239 президенттік физика-математика лицейінің командасына бұйырды;* I орынды В.Ф. Овчинникова атындағы “Екінші мектеп” иеленді, Мәскеу қаласы;* II орынды Тбилиси қаласынан Л.В. Комаров атындағы № 199 математика және физика арнайы мектебінің және Долгопрудный қаласынан П.Л.Капица атындағы “Физтех-лицейі” бөлісті;* III орынға Минск қ. БГУ лицейі, София қ. Sofia High School of Mathematics, Долгопрудный қаласынан П. Л. Капица атындағы “Физтех-лицейі” және Алматы қаласынан РФММ иеленді.

Қазақстандық оқушылар 109 медаль жеңіп алды — 10 алтын, 43 күміс және 56 қола.

Халықаралық қазылар алқасының құрамына 7 елдің өкілдері кірді: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Оңтүстік Корея, Қытай және АҚШ. Олимпиаданың халықаралық қазылар алқасының төрағасы-Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев.

Айта кетейік, әр пән бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға Нұрлан Қаппаров атындағы Қордан арнайы сыйлықтар, сондай-ақ қазақстандық оқушылар арасында әр пән бойынша арнайы сыйлықтар табысталды.

Гран-приді жеңіп алған команданың барлық мүшелеріне кубок пен ноутбуктер табысталды. Барлық жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ