Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

«МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ» АТТЫ ЖАС ТАРИХШЫЛАРДЫҢ  VІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУРСЫ БАСТАУ АЛДЫ

2023 жылғы 29 қазан – 1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық конкурсын өтеді.

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың шағын Отанына деген мақтанышын арттыру.

Республикалық кезеңде еліміздің барлық өңірлерінен 9-10 сыныптың 88 оқушысы бақ сынасады.Конкурс аясында қатысушылардың мұғалімдеріне республикалық семинар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, конкурстың аудандық (қалалық) кезеңіне 8348 оқушы қатысты, олардың 5085-і – ауыл мектептерінен, ал облыстық кезеңге қатыстқан 1470 үміткердің 573-і ауыл мектебінде білім алады.Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ