Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

«МЕНІҢ БАУЫРЫМ»: ЖОО СТУДЕНТТЕРІ МЕКТЕПТЕРДЕ ЕРІКТІЛІК ҚЫЗМЕТІН БАСТАЙДЫ

2023 жылғы қарашада Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі мектеп оқушылары үшін қолайлы және дамытушы білім беру ортасын құруға белсенді жәрдемдесу мақсатында «Менің бауырым» еріктілер жобасына бастамашылық етті. Еріктілер қатарында педагог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, IT мамандықтары бойынша 3-4 курс студенттері болды.

Волонтерлік жоба аясында Астана қаласында жоғары оқу орындарының 700 ерікті студенті пилоттық режимде «Жобалау қызметін жоспарлау», «Еріктілер жұмысында оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу», «Ерікті студенттердің балаларды бақылау дағдыларын дамыту», «Әлеуметтік жобалар мен практикалар», «Коммуникация дағдыларын дамыту және пайдалы әдеттерді қалыптастыру» тақырыптары бойынша оқудан өтті.

5 ақпаннан бастап студенттер мектептерде еріктілер қызметін бастайды. Волонтерлік жобаларды іске асыру «Өзіңе және өзгеге жақсылық жаса», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өрен», «Балалар кітапханасы», «Ғаламтор қауіпсіздігі», «Тоғыз айға тоғыз шара», «Оқуға құштар мектеп», «Төрт тоқсанға төрт шара» тақырыптарындағы мектеп іс-шаралары шеңберінде жүргізіледі.

Жобаны іске асыру шеңберінде дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, тренингтер өткізу, танысуды, салауатты коммуникацияны және ортақ мүдделерді белгілеуді қоса алғанда, коммуникативтік дағдыларды әзірлеу сияқты әртүрлі және тиімді жұмыс нысандарын белсенді пайдалану жоспарлануда. Сондай-ақ шеберлік сыныптары, флэшмобтар, челлендждер, спорттық турнирлер, қайырымдылық акциялары, ток-шоу және TEDX форматындағы сыныптан тыс іс-шаралар қарастырылған.

Әсіресе, зерттеу жүргізуге, оның ішінде мәселен, туған өлкені зерттеу және оның нәтижесін волонтерлік қызметті қорытындылау сияқты жалпы мектепішілік іс-шаралармен кіріктіруге көңіл бөлінеді. Жұмыстың бұл түрі жобаға қатысушылардың дамуына ықпал ететін интерактивті және жан-жақты білім беру ортасын құруға бағытталған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ