Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

«Менің бауырым» волонтерлік жобасына 20 жоғары оқу орны мен колледж қатысады

Жаңа оқу жылында Алматы қаласының, сондай-ақ Жетісу мен Алматы облыстарының орта білім беру ұйымдарында «Менің бауырым» волонтерлік жобасын жүзеге асыру жалғасады. Жобаға 20 ЖОО мен колледждерден 2000-ға жуық ерікті студент қатысуда.

«Студенттер оқу, IT және қаржылық сауаттылығын дамытуға, STEAM дағдыларын, бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады. Сондай-ақ төтенше және шұғыл жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге басымдық беріледі», - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Айта кетейік, «Менің бауырым» жобасы өткен жылдың қараша айында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен жасөспірімдерге түрлі қызмет салалары туралы ақпарат ұсына отырып, болашақ кәсібін анықтауға көмектесу мақсатында іске қосылған болатын.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ