Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

? МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

АЙТЫЛДЫ:

2 ЖАСТАН 6 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САПАЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ

(Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан)

__

ОРЫНДАЛДЫ:

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 53,6 МЫҢ ОРЫНҒА АРНАЛҒАН 521 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ АШЫЛДЫ

- 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 89,5% (жоспар – 90,2%) құрады;- 2023 жылға жоспарланған 81 мың орынның 53,6 мыңы пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 27,4 мың жаңа орын ашу жоспарлануда;- осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқу сапасын бағалау критерийлері енгізілді;- мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің даму ортасына қойылатын талаптар анықталды;-мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін 3476 кеңес беру пункті жұмыс істейді;- мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін облыстық әдістемелік кабинеттерде мобильді топтар жұмыс істейді;- 18 475 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, осы жылдың соңына дейін тағы 1 915 мұғалім өтеді;- инновациялар мен озық педагогикалық тәжірибелерді тарату, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының көшбасшы-басшылары корпусын құру үшін 79 Құзыреттік орталықтары құрылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ