Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫН «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылындағы №2 орта мектептің директоры Бәтима Нысанбаеваны білім саласындағы елеулі еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Нысанбаева Бәтима Қалпейқызы білім саласында 38 жыл бойы қызмет етіп келеді, ал оның 31 жылын мектеп директоры лауазымында. Еңбек жолын Әйтей ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, кейін бастауыш мектептің меңгерушісі болды. Одан кейін мектеп директоры қызметін атқарды. Бәтима Қалпейқызы соңғы 5 жыл бойы Абай ауылындағы №2 орта мектептің ұжымын басқарып келеді.

«Президенттің өзінен жоғары марапат алғаныма өте қуаныштымын. Көп жылдық еңбегімді бағаланғандарына алғысым шексіз. Ұстаз болғанымды мақтан тұтамын. Балалар – біздің болашағымыз және өз өмірімді жас ұрпақты тәрбиелеуге арнағаныма қуаныштымын. Ауылымызда мектеп бітіріп, өмірде де, қызметте де жетістікке жеткен дарынды балаларымыз көп», – дейді Бәтима Нысанбаева.

Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылының №2 мектебінің оқушылары облыстық пән олимпиадаларының, ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары. Мектеп түлектері ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, беделді жоғары оқу орындарында оқып жатыр. 2021-2022 оқу жылында түлектердің жартысына жуығы мемлекеттік білім грантына ие болды.

Сонымен қатар Бәтима Қалпейқызы педагогикалық ұжымның жетекшісі ретінде ұстаздардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Ол жас мұғалімдерге курстар өткізеді, әдістемелік көмек көрсетіп, сол арқылы орта білім сапасын арттыруға өз үлесін қосып жатыр.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ