Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Мектеп омбудсмендері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін талқылады

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «Қоғамдық келісім» РММ-мен бірлесіп, елордада «Күшіміз — бірлікте» тақырыбында семинар өткізді.

«Балалар омбудсмендері балалардың қоғам мен мемлекет өміріне толыққанды қатысу құқығын іске асыруға ықпал етеді, бұл әрбір мектеп омбудсменінің кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан жеке үлесінің маңыздылығын көрсетеді. Мектеп омбудсмендері тіпті ең елеусіз іс-әрекеттің ұлттық ауқымдағы үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек», — дейді «Өркен» БӘАҰҒПИ президенті Есенғазы Иманғалиев.

Семинардың практикалық бөлімі барысында «Өркен» БӘАҰҒПИ-дің тренерлері мен ғылыми қызметкерлері мектеп омбудсмендерінің коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында жаттығулар өткізді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ