130 мың студент 18 мың кәсіпорынның қатысуымен дуальды оқыту жүйесімен қамтылады
Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай артқанын көрсетеді, 2024 жылы дуальды жүйемен 108 мың студент оқыған болатын.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде бизнес құрылымдарымен ынтымақтастық кеңеюде. Сондай-ақ биылғы жылы шефтік қамқорлық көрсететін кәсіпорындар саны 8 есеге өсіп, 4,1 мыңға жетті. Жұмысқа орналасу міндеттемесімен кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша бұған дейін жыл сайын 10 мың студент қабылданып келсе, биыл бұл көрсеткіш 13 мыңға жетті.