Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

КҮН САНЫ

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастық 42%-дан 82%-ға дейін өсті.

2023 жылдың қыркүйегінде Оқу-ағарту министрлігі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын әзірледі. 2024 жылғы жаңа оқу жылынан бастап Мемлекет басшысы жариялаған ұлттық құндылықтарға сәйкес қайта жаңартылған бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама аясында еліміздің барлық мектептерінде балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын күшейту, позитивті ата-ана мәдениетін дамытуға бағытталған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары құрылды.

2024-2025 оқу жылының екінші тоқсаны бойынша жүргізілген сауалнама ата-аналардың 82%-ның білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайын екенін көрсетті

 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ