Ташкентте өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI 2026) жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар елордаға оралды.Астана әуежайында жас чемпиондар мен олардың жетекшілерін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, ата-аналары, ұстаздары мен достары қарсы алды.Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлдегер атанды. Олар 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл - еліміздің осы халықаралық олимпиадаға қатысу тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Мансур Мамадахунов, Асқар Әкежан және Алдияр Сейтбай күміс жүлдегер атанды.Ұлттық құрамаға Темірлан Сатылханов пен Айбек Қуанышбай жетекшілік етті.Жас чемпиондарымызды, олардың жетекшілерін, ұстаздары мен ата-аналарын жоғары халықаралық жетістікпен құттықтаймыз!
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз