Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Инклюзия бойынша алғашқы бүкіләлемдік конгресс Қазақстанда өтеді
Бұл жаңалық Лондонда өткен білім саласындағы ең ауқымды шара — Bett Show алаңында жарияланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.   Бүкіләлемдік конгресс инклюзия саласы бойынша үкіметтің, педагогтердің, технологиялық компаниялардың, сарапшылар мен мамандардың басын қосатын бірегей жаһандық платформа болмақ. Оның басты мақсаты — заманауи жетістіктерді талқылау, үздік тәжірибелермен бөлісу және инклюзиялық білім беруді дамыту.   Конгресстің келесі негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады: • Практикалық іске асыруға басымдық беру; • Үшжақты тәсіл (педагогикалық инновациялар, технологиялық жетістіктер, корпоративтік ынтымақтастық); • Жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдануға ерекше назар аудару.   «Конгресс инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы халықаралық бастама болады. Бұл беделді халықаралық шараны Қазақстанда өткізу - біздің әділетті және инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді, сондай-ақ білім беру реформалары мен технологиялық инновациялардағы жетістіктерін айқындайды. Оған халықаралық корпоративтік көшбасшылардың қатысуы стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанға әлемнің назарын аударып қана қоймай, инвестициялар тартуға ықпал етеді», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.    Анықтама үшін: 2024 жылы елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны 230 мыңнан асты. Елдегі мектептердің 90%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалардың үлесі 80%-ды құрайды.   Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ