Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ жанынан Республикалық оқу-әдістемелік кеңес өз жұмысын бастады.
Кеңес ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін әзірлеу мен енгізуге бағытталған инновациялық тәсілдерді сараптамалық бағалаудан өткізеді.
Өтінімдер жылына 4 рет қабылданады:▫️ 1–15 қаңтар аралығында▫️ 1–15 сәуір аралығында▫️ 1–15 шілде аралығында▫️ 1–15 қазан аралығында
Оған педагогтер мен сала мамандары өздерінің авторлық оқу-әдістемелік материалдары мен бағдарламаларын ұсына алады.
Сараптамадан өту талаптарымен special-edu.kz порталындағы «РОӘК» бөлімінен танысуға болады.