Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

IGeO 2026 олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды

Ыстамбұлда өткен географиядан халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы елордаға оралды.

Астана әуежайында жас географтар мен олардың жетекшілерін Оқу-ағарту вице-министрі Сергей Компаниец, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, ата-аналары, ұстаздары мен достары қарсы алды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Құраманың барлық төрт мүшесі де жүлдегер атанды.

Андрей Енбахтов пен Бекбол Дарын алтын медаль жеңіп алды. Андрей Енбахтов жеке есепте олимпиаданың абсолютті чемпионы атанды.

Амир Дарынов пен Алан Козленко күміс медаль иеленді.

Қазақстан құрамасына Абай Дүйсен мен Алмас Искендиров жетекшілік етті.

Жас географтарымыз бен олардың жетекшілерін айтулы жетістікпен құттықтаймыз!

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ