ҚР Оқу-ағарту министрінің Сеулге жұмыс сапарының басты оқиғасы оның GEIS білім және инновациялар жөніндегі жаһандық саммитке қатысуы болды. GEIS әлем елдерінің білім саласында инновациялық тәжірибе алмасуына, оқытуды цифрлық трансформациялау бойынша ынтымақтасуға, сондай-ақ Оңтүстік Корея тәжірибесі негізінде жасанды интеллектті оқулықтарда қолдануға бағытталған. Биылғы жылы аталмыш шара «Цифрлық трансформация дәуіріндегі білім берудің инновациялық экожүйесі» тақырыбында өтті. Қатысушы елдер цифрландыру мәселелерін және оны білім беру жүйесіне енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Панельдік отырыста Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндама жасады және қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді.Сондай-ақ саммит кезінде министр ЭЫДҰ-ның білім және дағдылар жөніндегі директоры Андреас Шляйхермен кездесті. Тараптар отандық білім беруді дамыту перспективалары және ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы сөйлесті. Кездесуде Ғани Бейсембаев Андреас Шляйхерді Қазақстанға қонаққа келуге шақырды.
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз